Қазақстан құрамасының футболшысы Бахтиер Зайнутдинов ойнайтын «Ростов» ФК жанкүйерлері маусымның үздік ойыншысы деп жартылай қорғаушы Роман Еременконы атады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Ростов» Еременконы 2019 жылдың қаңтарында мәскеулік «Спартактан» жалға алған болатын. Өткен маусымда ол «Ростовта» 11 матч өткізіп, төрт голдың авторы атанды.

Еременкомен бірге қысқы трансферде командаға қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов те ауысқан болатын. Бахтиер өткен маусымда «Ростов» сапында 10 матчқа шықты.