Промоутер Том Леффлер қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварестің (52-1-2, 34 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекті өткізу туралы келіссөзді қашан бастайтынын мәлімдеді.

- Геннадий Стив Роллсты жеңгеннен соң Оскар Де ла Хойямен келіссөзді бастаймыз. Жанкүйерлер де, БАҚ та үшінші жекпе-жек күтіп отыр. Орта салмақта әлемнің үздік боксшылары өзара үшінші мәрте қолғап түйістіреді, - деді Леффлер.

Айта кетейік, Головкин мен «Канело» арасындағы алғашқы жекпе-жек тең аяқталса, екінші кездесуде мексикалық боксшы басым болды.