Ringsidereport порталының журналисі Гари Уильям промоутер Эдди Хирнге қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) пен британиялық Джош Келли (9-0, 6 КО) арасында екінші жекпе-жекті өткізуге кеңес берді.

- Эдди Елесінов - Келли жекпе-жегін ұйымдастыру қажет. 2016 жылғы Олимпиаданың қатысушыларының уақыты келді, - деп жазды басылым.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов пен Джош Келли 2016 жылғы Олимпиада ойындарының 1/8 финалында қолғап түйістірген. Ол жекпе-жекте қазақстандық боксшы айқын жеңіске жетті.