Оксон Хиилл қаласында (Мэриленд штаты, АҚШ) өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) Чили спортшысы Луис Норамбуэнмен (3-1-1) кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Жекпе-жек жоспарланған алты раундқа дейін жалғасып, төрешілердің шешімімен отандасымыз жеңіске жетті. Бұл Даниярдың кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісі болатын.

Назарларыңызға аталған жекпе-жектен толық видеожазбасын ұсынамыз. Айта кетейік, кездесуді «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетті.