Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Луис Норамбуэнға (3-1-1) қарсы жекпе-жектен соң мансабы туралы пікір білдірді.

- Ол мен үшін ыңғайсыз қарсылас болды. Дайындалуға да уақытым жетпеді.

- Мансабыңыз алға жылжу үшін қай бағытты дамыту қажет?

- Соққы жасаумен дайындалу керек. Тек жойқын соққы жасап қана қоймай, тайминге жұмыс істейтіндей. Жақсы соққы кез келген ер жігітке тән. Соны дәл уақытында ұрып үйрену қажет.

- Мансабыңа көңілің тола ма?

- Әлі жарты жолда екенімді түсінемін. Өйткені әлі де болсын әуесқойдан кәсіпқой боксқа ауысуым қиынға соғып жатыр. Мүлдем басқа бокс.

Естеріңізге сала кетейік, Данияр Елеусінов MGM National Harbor ойын-сауық кешенінде Чили боксшысы Луис Норамбуэнмен (3-1-1) жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.