Қазақстан құрамасы Тайланд елінде өтіп жатқан регбиден ерлер арасында екінші дивизиондағы Азия чемпионатын жеңіліспен бастады. Алғашқы ойында біздің құрама жарыс қожайындарынан 38:20 есебімен жеңілді. Енді Қазақстан құрамасы келесі матчын Гуамаға қарсы өткізеді.