Жарысқа 130 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.

Шымкент триатлоннан тұңғыш Азия кубогын қабылдамақ. Жарыс 25-26 мамыр күндері «Жайлаукөл» саябағының аймағында өтеді.

Триатлон - үш спорт түрінің басын біріктіреді. Әуелі, спортшылар 1500 км жүзуден жарысады, кейін 40 км созылатын веложарыс ұйымдастырады, соңында 10 км қашықтықты жүгіріп өтеді.