Қазақстандық киберспортшы Дәурен AdreN Қыстаубаев Faze Clan командасынан кетті.

- FaZe командасымен бірге ойнағаныма және жарыстарда жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын. Бұл жақсы тәжірибе болды. Бұрыннан еуропалық командада ойнауды қалаған едім, - деп жазды Дәурен Қыстаубаев Твиттердегі парақшасында.

AdreN-нің орнына Virtus.pro командасынан Филип NEO Кубски есімді ойыншы келді. Дәурен Қыстаубаев Faze Clan командасына 2019 жылдың қаңтар айында ауысқан еді.