«Барселона-Каталунья» автодромында өткізілген Формула-1 Испания Гран-при жарысының бесінші кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жарыс жеңімпазы «Мерседестік» Льюис Хэмилтон атанды. Екінші орынға оның серіктесі Валттери Боттас жайғасса, үшінші орынды Макс Ферстаппен («Ред Булл») түйіндеді.