Қазақстандық AVANGAR командасы жүлде қоры 300 мың доллар құрайтын турнирді әрі қарайжалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

AVANGAR Кельнде өтіп жатқан ESL One Cologne 2019 турнирінің іріктеу кезеңінде бақ сынап жатыр.

Алғашқы ойында қазақстандық команда Team Vitality клубын 2:0 есебімен жеңді. AVANGAR кезекті ойынында HellRaithers-пен сынға түспекші.

Гранд финал 5-7 шілде аралығында өтеді.