Су добынан Қазақстан ерлер командасы Тбилисиде жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Шетелдегі жаттығу жиыны 9 мамыр күні басталды. Спортшылар Ресей чемпионатына дайындалуда. 16 мамыр күні Мәскеу облысына қарасты Руза қаласында су добынан ерлер арасындағы Ресей чемпионатының 15-ші тур ойындары өтеді. Қазақстан командасы Мәскеу облысының намысын қорғайтын «Штурм-2002» командасымен кездеспек. Жиын 15 мамыр күні аяқталады.