Манчестерде таеквондодан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық Жансель Дениз алғашқы сайыс күнінде сынға түсті.

Ол 73 келіге дейінгі салмақта ирандық Акрам Ходабендехты ұтып, турнирдің 1/8 финалына жолдама алды.