3 мамырда Дохада (Катар) 2019 жылғы «Гауһар лигасының» бірінші кезеңі өтеді. Бұл сында қазақстандық «Алтай» клубының спортшысы Каролин Кипкируи 3000 метрге жүгіреді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Айта кетейік, «Гауһар Лигасы-2019» 14 кезеңнен тұрады: олардың 12-і іріктеу турнирі болса, екеуі финалдық кезең.
Diamond League-2019 кезеңдерінің кестесі:
Бірінші кезең - 3 мамыр, Доха (Катар)
Екінші кезең - 18 мамыр, Шанхай (Қытай)
Үшінші кезең - 2 маусым, Стокгольм (Швеция)
Төртінші кезең - 6 маусым, Рим (Италия)
Бесінші кезең - 13 маусым, Осло (Норвегия)
Алтыншы кезең - 16 маусым, Рабат (Марокко)
Жетінші кезең - 30 маусым, Юджин (АҚШ)
Сегізінші кезең - 5 шілде, Лозанна (Швейцария)
9 кезең - 20 шілде, Монте-Карло (Монако)
Оныншы кезең - 21-22 шілде, Лондон (Ұлыбритания)
Он бірінші кезең - 18 тамыз, Бирмингем (Ұлыбритания)
Он екінші кезең - 24 тамыз, Париж (Франция)
Бірінші финал - 29 тамыз, Цюрих (Швейцария)
Екінші финал - 6 қыркүйек, Брюссель (Бельгия).
Комментарии