Алматыда скандинавиялық жүрістен Almaty Nordic Walking Fest 2019 фестивалі өткізілетін болды. Бұл іс-шараны даңқты қазақстандық спортшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталеваның олимпиадалық қоры ұйымдастырады. Скандинавиялық жүріс – дене пішінін, хал-ахуалды және көңіл күйді жақсарту, сонымен қатар салмақты бақылаудың қарапайым тәсілі.