Катар астанасы Дохада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында аралас құрамда (ер-әйел) 4*400 метрлік эстафета аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл сында Қазақстан құрамасы төртінші орын алды. Элина Михина, Светлана Голендова, Андрей Соколов және Михаил Литвин белгіленген қашықтықты 3:20,29 уақытта жүгіріп өтті.

Бұл бағдарламада бас жүлде Бахрейн спортшыларына бұйырды. Екінші, үшінші орындарды Үндістан мен Жапония желаяқтары өзара бөлісті.