Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман Оспанов «Alash Pride» промоушенімен қоштасты. Бұл туралы ұйымның президенді Данияр Қасқарауов Prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында айтты.

- Арман Оспановты «Alash Pride-тан» кетіп қалды деп айтуға болады. Соңғы уақытта мүлдем байланыста болмадық. Кеттім деп ол айтқан жоқ, кет деп мен айтқан жоқпын. Не істеп жүргенін де білмеймін. Тайгер Муайтай болып жүрді. Мен қарсы емеспін. Мүмкін олар оған тегін зал беріп, жағдайын жасап жатқан шығар. Тек адамда бір ауыз сөз деген, біреудің ала жібін аттамау деген болады. Кешірім сұрағың келсе тіке өзіме келу қажет еді. Ғаламтор арқылы өзін-өзі ақтап, кешірім сұрайдың керегі не, - деді «Alash Pride» промоутерлік компаниясының президенті.

Айта кетейік, Арман Оспанов мансабында 11 жекпе-жек өткізіп, оның тоғызында жеңіске жетсе, екеуінде қарсыласына есе жіберген. Күні кеше Мәскеуде өткен АСА 95 турнирінде неміс спортшысы Лом-Әли Эскиевпен жұдырықтасып, екінші раундта қарсыласын тізесімен сұлатып түсірді.

Данияр Қасқарауов: Алдым - тұман, артым - қараңғы