Қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов ресейлік Fight Night Global ұйымының чемпиондық белбеуі үшін өткен жекпе-жекте әзірбайжандық Нариман Аббасовтан ұтылып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Мытищи қаласында өткен FNG93 турнирінде спортшылар бес раунд бойы күш сынасты. Нәтижесінде төрешілер жеңісті Нариманға берді - 48:47, 47:47 және 48:47.

Алайда Қуат Хамитов төрешілердің шешімімен келіспейтінін және аппеляцияға беретінін мәлімдеді. Сондай-ақ ол Нариман Аббасов оның отаны Әзірбайжанда жекпе-жек өткізуге дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, Хамитов октагонға шықпас бұрын бір ұпайынан айырылған еді, себебі ол өз категориясының салмағынан ауырлау болып шықты. Бұл Қуаттың 2017 жылдың қарашасынан бері алғашқы жекпе-жегі. Қуат Хамитовтың ендігі статистикасы мынадай: 19 жеңіс, 1 тең және 7 жеңіліс.