УЕФА чемпиондар лигасының жартылай финалында «Спортингтен» 5:3 есебімен ұтылған «Интер» командасының бас бапкері журналистердің сұрағына жауап берді, деп жазады Prosports.kz.

- Бүгін не үшін жеңілдіңіздер?

- Біз тең деңгейде өткен ойында жеңілдік. Сәттілік «Спортинг» жағында болды. Олар әрі кейбір сәтте бізден мықтырақ болды.

- Мүмкін қарсыласты бағаламау болған шығар?

- Бұған дейін де сан мәрте жолыққан «Спортинг» сынды мықты команданы бағаламау мүмкін емес. Ойынның соңғы минуттарында біз көбірек шабуыл жасағанымызбен, қарсыластың мықты екенін мойындадық. Жартылай финалда бағаламау деген ұғым жоқ. Жақсы өнер көрсете алмағанымыз үшін өзіміз кіләліміз.