Бүгін Алматыда УЕФА Чемпиондар лигасының Төрттік финалы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жартылай финалдың алғашқы ойынында португалиялық «Спортинг» пен испаниялық «Интер» командалары кездесті.

Матчтың бірінші жартысы алма кезек шабуылдармен өтті. Ойынның есебін номиналды қонақтар ашты. «Интердің» кезекті шабуылы барысында «Спортинг» қорғаушысы Кари допты өз қақпасына соғып алды. Бұл матчтың 6-минуты болатын.

Бұған «Спортингтің» жауабы көп күттірмеді. Бірнеше секундтан соң Део алаң ортасынан сытылып өтіп, допты қақпада тулатты. Үзіліске дейін командалар есепті өзгерте алмады – 1:1.