Қазақстандық балуан Данияр Қайсанов еркін күрестен Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

74 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын семейлік балуан ақтық сында үндістандық Амит Кумар Дханкхарды 5:0 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Қайсанов жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Адам Батыровтен өтті.

Ал жартылай финалға дейін ол моңғолиялық Отгонбаяра Бацуури (8:1) мен өзбек балуаны Артем Присяжнюкті (12:0) айқын басымдықпен ұтқан болатын.