Қазақстандық балуан Данияр Қайсанов еркін күрестен Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

74 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын семейлік балуан жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Адам Батыровтен өтті.

Данияр жартылай финалға дейін моңғолиялық Отгонбаяра Бацуури (8:1) мен өзбек балуаны Артем Присяжнюкті (12:0) айқын басымдықпен ұтқан болатын.Ал ақтық сында Қайсанов үндістандық Амит Кумар Дханкхармен белдеседі.