Қазақстандық балуан Ғалымжан Өсербаев еркін күрестен Азия чемпионатында қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

79 келіге дейінгі салмақта ол жапониялық Юта Абемен күш сынасқан. Кездесу қазақстандық балуанның пайдасына аяқталды - 5:3.

Осылайша, Өсербаев турнирдің қола жүлдегері атанды.