Футболдан Қазақстан Екінші лигасы жетінші турының жеті матчын стадионнан тамашалау үшін 820 жанкүйер келген, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Тараз» бен «Жетісу» жастарының матчын 300 жанкүйер тамашалаған. Ал «Рузаевка» – «Қыран Ж» (0:0), «Атырау Ж» – «Тобыл Ж» (2:3), «Оқжетпес Ж» – «Арыс» (1:3) және «Оңтүстік Академиясы» – «Алтай Ж» (4:3) матчтарына 100 жанкүйерден келген.

«Ақсу» мен «Қайсар Ж» (2:1) матчы 70, «Ертіс Ж» - «Ордабасы Ж» (2:3) кездесуі 50 фанатты ғана қызықтыра алған.