Екінші лига: Турдың жеті матчына келген жанкүйерлер саны мыңға да жетпеді
![Екінші лига: Турдың жеті матчына келген жанкүйерлер саны мыңға да жетпеді](https://prosports.kz/upload/news/content/472_617f3620471ac45e391ce050ee1b817c.jpg?v=28641759)
Футболдан Қазақстан Екінші лигасы жетінші турының жеті матчын стадионнан тамашалау үшін 820 жанкүйер келген, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«Тараз» бен «Жетісу» жастарының матчын 300 жанкүйер тамашалаған. Ал «Рузаевка» – «Қыран Ж» (0:0), «Атырау Ж» – «Тобыл Ж» (2:3), «Оқжетпес Ж» – «Арыс» (1:3) және «Оңтүстік Академиясы» – «Алтай Ж» (4:3) матчтарына 100 жанкүйерден келген.
«Ақсу» мен «Қайсар Ж» (2:1) матчы 70, «Ертіс Ж» - «Ордабасы Ж» (2:3) кездесуі 50 фанатты ғана қызықтыра алған.