Оңтүстік Корея құрамасының бапкері Сергей Немчинов Астанадағы әлем чемпионатына дайындық туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Өз біліміммен командаға көмектесуге тырысамын. Айдында соққыларды ғана емес, түрлі құрамдармен ойынды пысықтап жатырмыз.

Дұрыс қорғана білуіміз керек. Беларусьтар мен қазақтардың шабуылшылары мықты. Олар шабуылда өз мүмкіндіктерін жақсы пайдаланады. Әзірше венгрлерге қарсы алғашқы матчқа дайындалып жатырмыз. Кейін ғана қалай дайындалғанымызды бағалап, басқа да қарсыластар туралы ойлай беруге болады», - деді Немчинов.