Өскемендік «Торпедо» клубын енді кім жаттықтыратыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Команданың тізгінін Алексей Ждахин ұстады. Ол «Торпедоны» бұған дейін 2016/2017 жылғы маусымда жаттықтырған болатын.

Оның баптауымен өскемендік клуб Жоғары хоккей лигасының тұрақты чемпионатында жеңімпаз атанып, Братина кубогының финалына шыққан еді. Бұл команданың ЖХЛ-дағы ең үздік нәтижесі саналады.