Ресей президенті Владимир Путин Арктикалық форумда Швеция премьер-министрі Стефан Левенге швециялық клубтардың бірін ҚХЛ ойындарына қатыстыруды ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Біздің елдерімізді спорт гуманитарлық тұрғыда жұмылдырады. Премьер-министр мырза, клубтарыңыздың бірі ҚХЛ ойындарына қатысса жақсы болар еді. Бірақ бұл тақырыптан тыс әңгіме», - деді Путин.

Қазір ҚХЛ-да Ресей, Қазақстан, Латвия, Финляндия, Беларусь, Қытай және Словакия клубтары ойнап жатыр.