Ресейлік Livesport басылымы Қазақстан құрамасы I тобында екінші жолдамаға таласатынын, сондай-ақ, Бельгия мен Ресейге бәсекелестік туғызатынын жазды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

- Әр топтан ЕУРО-2020 турниріне екі команда ғана жолдама алатынын ескерсек, I тобында Қазақстанға сенетіндер аз екені белгілі.

Қайта бабына келе бастаған Шотландиядан бөлек Қазақстан құрамасы Ресей мен Бельгияға бәсекелес болады. Ал Кипр мен Сан-Мариноның жағдайы тым қиын.

Әрине, көшбасшы Бельгия екені сөзсіз. Ал екінші орынға талас қызу болады. Көп нәрсе Ресейдің іріктеудегі нәтижесіне байланысты болмақ.

Қазақстан Шотландияға қарсы тамаша ойнады. Қарсыласының қорғаныстағы әлсіз тұстарын пайдаланып, қарымта шабуылға сәтті шығып отырды, - деп жазды ресейлік басылым.

Айта кетейік, Шотландияның қақпасына жауапсыз 3 гол соққан Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 24 наурыз күні Ресейге қарсы өткізеді.