Ресей құрамасының шабуылшысы Федор Чалов ЕУРО-2020 іріктеу кезеңіндегі Бельгияға қарсы матчтың нәтижесі мен Қазақстанмен болатын ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

- Бельгияға қарсы ойыннның нәтисі көңіл көншітпейді. Үшінші допты соққаннан соң жігеріміз құм болды. Екінші голда қарсылас алаңында көбірек шабуылдағымыз келген. Алайда қателігімізді пайдаланып кетті. Ары қарай... Бұл енді Эден Азар ғой.

Екі күннен соң Қазақстанмен ойнаймыз. Бұл матчты талдаймыз. Бәрі біздің қолымызда деп ойлаймын. Жеңіске жетуіміз қажет, - деді Федор Чалов РФО баспасөз қызметіне берген сұқбатында.

Айта кетейік, Ресей алғашқы ойында Бельгиядан 3:1 есебімен жеңілді. Келесі матчын 24 наурыз күні Қазақстанға қарсы өткізеді. Ал Қазақстан құрамасы Михал Билек қол астында алғашқы жеңісіне жетті. Олар Шотландияның қақпасына жауапсыз үш гол соқты.