Қазақстан құрамасының ойыншылары Юрий Перцух пен Бактиер Зайнутдинов Шотландияға қарсы матчтан соң Ресеймен болатын ойыннан не күтетінін айтты, деп жазады Prosports.kz сайты.

- Бұл ойында бар күшімізді салып, тырысатын боламыз, - деді Юрий Перцух «Qazsport» арнасына. - Ресейге қарсы матчта не болатыны бір құдайға аян. Бірақ біз намысты қолдан бермеуге тырысамыз, - деп қосты Бактиер Зайнутдинов.

Айта кетейік, ЕУРО-2020 іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Шотландияның қақпасына жауапсыз үш гол соғып, жеңіске жетті. Юрий Перцух іріктеу кезеңінің бірінші голын соқса, Бактиер Зайнутдинов есепті 3:0-ге жеткізді.