Бүгін, 16 наурызда, Филадельфияда (Пенсильвания шт.) Данияр Елеусіновтың қатысуымен бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

28 жастағы Елеусінов (5-0, 3 КО) мексикалық боксшы Сильверио Ортиспен (37-23, 18 КО) кездеседі.

Тікелей эфирді «Хабар»телеарнасы көосетеді.. Трансляция Астана уақытымен 06:02 басталады.

Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов соңғы кездесуін 24 қараша күні Монте-Карлода өткізіп, никарагуалық Маркос Мохиканы үшінші раундта нокаутпен жеңген болатын.