Victory Team промоутерлік компаниясының басшысы Андрей Халайджан қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова мен ресейлік Юлия Куценко арасында реванш өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

WIBA, WBU, IBO Championship және WBC Silver белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы қыз қарсыласы Куценконы кәсіби бокстағы алғашқы жеңілісіне ұшыратқан болатын.

10 раундқа созылған жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандықтың пайдасына шешілді.