Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Мейірім Нұрсұлтанов 24 наурыз күні Калифорния штатының Лос-Анджелес қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады.

Отандасымыз шаршы алаңда пуэрторикалық Луис Эрнандеспен (16-7, 9 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы жекпе-жегін 11 қаңтар күні мексикалық Рамон Агинагаға (13-1-0) қарсы өткізген болатын. Ол кәсіпқой мансабындағы 10-шы жекпе-жегінде қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңді.