Бүгін Болгарияның Русе қаласында күрес түрлерінен «Дан Колов-Никола Петров» халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғашқы жарыс күнінде кілемде еркін күрес балуандары бақ сынап жатыр. 61 келіде Қазақстан атынан Нұрислам Санаев пен Қайрат Әміртаев сынға түскен болатын. Санаев бірінші белдесуінде ресейлік Арыйян Тютринді 6:2 есебімен жеңіп, келесі айналымға өтті. Өкінішке қарай, Қайрат Әміртаев түрік балуаны Реджеп Топалға 6:7 есебімен есе жіберді.

Бүгін сондай-ақ, 70, 79 және 92 келідегі балуандар да сынға түседі.