Ресейдің Красноярск қаласында еркін және әйелдер күресінен өтіп жатқан Иван Ярыгин турнирінде Эльмира Сыздықова жеңіліс тапты деп жазады Olympic.kz.

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері саналатын Сыздықова турнирдің жартылай финалында жапондық Сузуки Миногавадан ұтылды.

Қола медаль үшін күресте жерлесіміз моңғолиялық Шахрибон Эллиевамен белдеседі.

Ерлер арасында 70 келіде бақ сынаған Асхат Слямханов моңғол балуанына 0:8 есебімен есе жіберіп, қола жүлдеден қағылды.