Красноярск қаласында еркін күрестен Дмитрий Миндиашвили академиясының жүлдесі үшін бүкілресейлік турнир аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

55 келідегі Марина Седнева мен 76 келідегі Гүлмарал Еркебаевалар қарсылас шыдатпай, өз салмағында жеңімпаз атанды.

Аяулым Қасымова (62 келі) мен Іңкәр Жаңатаева (76 келі) екінші орын иеленсе, Альбина Қайыргелдинова (68 келі), Гаухар Мұқатай (65 келі), Жәмила Бақбергенова (72 келі), Эльмира Сыздықовалар (76 келі) үздік үштікке енді.

Өкінішке қарай, ерлер құрамасы айтарлықтай нәтиже тіркеген жоқ.