Қаңтар айының басында ресейлік «Ростов» клубына ауысқан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бактиер Зайнутдинов жаңа командасы сапында ресми ойындарға қатысуға рұқсат алды, деп хабарлайды prosports.kz.

Бұған дейін «Ростов» РФО санкциясына байланысты жаңа футболшыларды маусымға тіркей алмайтыны жайлы жазған едік. Бұған себеп команда өзінің бұрынғы ойыншысы Евгений Макеевке қарыз болғандықтан, Ресей футбол одағы клубқа жаңа футболшыларды тіркеуге тыйым салған.

Қуанышымызға орай, 18 ақпан күні Ресей Премьер лигасының ресми сайтында Бактиердің маусымға ресми тіркелгені мәлім болды.

Зайнутдинов жаңа командасында 19-шы номерде өнер көрсетеді.