Португалиялық футболшы Луиш Нани мансабын АҚШ чемпионатында (MLS) бақ сынайтын «Орландо Сити» клубында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz

Америкалық клубтың ресми сайтында жазылуынша, Нани командағы еркін агент ретінде келген. Ол енді жаңа командасында үш жыл бойы доп тебеді.

32 жастағы футболшы биыл лиссабондық «Спортинг» сапында Португалия чемпионатында 18 матчқа қатысып, жеті гол соқты әрі төрт нәтижелі пас берді.