Екінші жартылай жеңіл салмақ WBC International белбеуінің иегері Бекман Сойлыбаев «Open Ring» бағдарламасына сұқбат берді, деп жазады Prosports.kz сайты.

Кәсіпқой бокста 12 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен Бекман Сойлыбаев 2018 жылы жарақатының салдарынан шаршы алаңға шықпады.

Бекман Сойлыбаев соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың 19 қазан айында өткізген. Аталмыш кездесуде қазақстандық боксшы мексикалық Фернандо Варгас Парраны (18-5-1, 13 КО) жеңіп, WBC International белбеуін қорғап қалды.