Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов пен франциялық Арсен Гуламирянның гонорары анықталды.

Кездесуден түскен қаржы Шүменовтың пайдасына «55/45» пайыз көрсеткішімен бөлінеді. Нәтижесінде Бейбіт 451 550 АҚШ долларын қанжығасына байласа, Гуламирян 369 450 доллар алады.