Бекман Сойлыбаев: Рейтингіде жоғары тұрған кез келгенімен жұдырықтасамын
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЕкінші жартылай жеңіл салмақ WBC International белбеуінің иегері Бекман Сойлыбаев «Open Ring» бағдарламасына сұқбат берді, деп жазады Prosports.kz сайты.
Кәсіпқой бокста 12 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен Бекман Сойлыбаев 2018 жылы жарақатының салдарынан шаршы алаңға шықпады.
Бекман Сойлыбаев соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың 19 қазан айында өткізген. Аталмыш кездесуде қазақстандық боксшы мексикалық Фернандо Варгас Парраны (18-5-1, 13 КО) жеңіп, WBC International белбеуін қорғап қалды.