Қазақстанда дүниеге келген неміс боксшысы Кристина Хаммер абсолютті чемпион атағы үшін шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Неміс боксшысы Хаммер 13 сәуір күні Атлантик-Сити кешенінде АҚШ-тың спортшысы Кларесса Шилдсқа қарсы жекпе-жекке шығады.

Кездесуде боксшы қыздар чемпиондық белбеулерін сарапқа салмақ. Осы жекпе-жектің жеңімпазы әлемнің абсолютті чемпионы аттанады.

Еске сала кетсек, 9 ақпан күні Кристина Хаммер грузиялық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалған болатын.

Кристина Хаммер 1990 жылы 16 тамызда Қарағанды облысы Новодолинка ауылында өмірге келген. Ол бала кезінде ата-анасымен Германияға көшіп кеткен.