Фируза Шәріпова Токиода өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғауға ниетті, деп хабарлайды Propsorts.kz Қазақстанның кәсіпқой боксы вконтакте парақшасына сілтеме жасап.

«2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқым келетінін бұрыннан айтып келемін. Кристина Хаммерді үлгі тұтамын, маған шабыт беретін де сол. Егер Кристина Қазақстанның атынан шығуды қалап тұрса, мен солай етуге міндеттімін.

Оған дейін, әрине, кәсіпқой бокста әлемнің абсолютті чемпионы болғым келеді. Бұл жағынан алғанда, Кристина екеуіміздің жоспарларымыз ұқсас. Кларесса Шилдске қарсы жекпе-жегінде оған болысамын», - дейді IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Шәріпова.

Фирузаның баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұған дейін Кристина Хаммер Қазақстан атынан Олимпиадаға қатысу ниетін білдірген.