Қазақстандық кәсіпқой Данияр Елеусіновтің (5-0, 3 КО) келесі жекпе-жегі өтетін орын анықталды.BoxRec.com сайтының ақпаратынша, 15 наурызда қазақстандық боксшы АҚШ-тың Филадельфия қаласындағы Liacouras Center аренасында жұдырықтасады. Олимпиада чемпионының қарсыласы әзірге аталған жоқ.