Бокстан Қазақстан құрамасы Болгарияда өтетін «Странджа» турниріне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК порталына сілтеме жасап.

Биыл әйелдер арасында сегіз, ерлер арасында он салмақта өтетін додаға әлемнің 40-тан аса елінен спортшылар қатыспақшы.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бокс бәсекесін 300-ден аса спортшылар жиналмақ. Турнир 14-19 ақпан аралығында Болгария астанасы Софияда өтеді.

Қазақстан құрамасының бас бапкері «Странджа» турниріне қатысатын боксшылар есімін атады. Олар:

49 келі: Теміртас Жүсіпов

52 келі: Әнуар Мұзапаров

56 келі: Қайрат Ерәлиев

60 келі: Зәкір Сафиуллин

64 келі: Санатәлі Толтаев

69 келі: Абылайхан Жүсіпов

75 келі: Ерік Әлжанов

81 келі: Бек Нұрмағанбет

91 келі: Василий левит

+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев

75 келі салмақта ұлттық құраманың бірінші нөмірлі боксшысы Әбілхан Аманқұл жарақатына байланысты жарысқа қатыспайды. Оның орнына вице-чемпион Ерік Әлжанов аттанып отыр.