«Странджа» турниріне қатысатын боксшылар белгілі
![«Странджа» турниріне қатысатын боксшылар белгілі](https://prosports.kz/upload/news/content/201017_2f5e55d6ae243a218a827f00ef0ce232.jpg?v=28641904)
Бокстан Қазақстан құрамасы Болгарияда өтетін «Странджа» турниріне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК порталына сілтеме жасап.
Биыл әйелдер арасында сегіз, ерлер арасында он салмақта өтетін додаға әлемнің 40-тан аса елінен спортшылар қатыспақшы.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бокс бәсекесін 300-ден аса спортшылар жиналмақ. Турнир 14-19 ақпан аралығында Болгария астанасы Софияда өтеді.
Қазақстан құрамасының бас бапкері «Странджа» турниріне қатысатын боксшылар есімін атады. Олар:
49 келі: Теміртас Жүсіпов
52 келі: Әнуар Мұзапаров
56 келі: Қайрат Ерәлиев
60 келі: Зәкір Сафиуллин
64 келі: Санатәлі Толтаев
69 келі: Абылайхан Жүсіпов
75 келі: Ерік Әлжанов
81 келі: Бек Нұрмағанбет
91 келі: Василий левит
+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев
75 келі салмақта ұлттық құраманың бірінші нөмірлі боксшысы Әбілхан Аманқұл жарақатына байланысты жарысқа қатыспайды. Оның орнына вице-чемпион Ерік Әлжанов аттанып отыр.