Жеңіл салмақ дәрежесінде қолғап түйістіретін Нұртас Әжбенов (2-0, 1 КО) 1-ші наурыз күні Кардифф қаласындағы «Vale Sports» аренасында және 9-шы наурыз күні Брентвуд қаласындағы «Brentwood Centre» кешенінде үшінші және төртінші жекпе-жектерін өткізбек. Қарсыластарының есімдері алдағы уақытта хабарланатын болады.

Айта кетейік, 24 жастағы Нұртас Әжбенов алдыңғы жекпе-жегін Лондон қаласындағы бокс кешінде өткізіп, қарсыласы 35 жастағы хорватиялық боксшы Анто Накичті (1-18) 1-ші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Нұртас Әжбеновтің кәсіпқой бокстағы ісін «MTK Global» менеджерлік компаниясы жүргізеді.