Жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде қолғап түйістіретін қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (3-0, 2 КО) кезекті жекпе-жектерін 22-ші ақпан және 1-ші наурыз күндері өткізеді.22-ші ақпанға жоспарланған жекпе-жек Лондон қаласындағы «York Hall» аренасында өтеді. Ал 1-ші наурыз күнгі жекпе-жек Кардифф қаласындағы «Vale Sports» аренасында өтпек. Әзірге қарсыластарының есімдері белгісіз.22 жастағы Сұлтан Заурбек кәсіпқой бокстағы мансабында үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де жеңіске жетті (екеуін уақытынан бұрын аяқтады). Айта кетсек, Сұлтан Заурбек алдыңғы жекпе-жегін Лондон қаласындағы бокс кешінде өткізіп, қарсыласы румыниялық боксшы Стефан Николаені (2-13) 1-ші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Сұлтанның ісін «MTK Global» менеджерлік компаниясы жүргізеді.