Бокстан Қазақстан құрамасы Венгрияның Дребецен қаласында өтіп жатқан Иштван Боскай атындағы халықаралық турнирде алғашқы медалін иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

64 келіде сынға түскен Сабыржан Бақбергенов жартылай финалда украиналық Александр Мельниктен ұтылып, қола медаль еншіледі.

Бұл біздің команданың аталған турнирдегі алғашқы медалі. Одан бөлек, төрт боксшысымыз ақтық сынға жолдамаалды.

Финалда Сәкен Бибосынов (52 келі), Оразбек Асылқұлов (56 келі), Серік Теміржанов (60 келі) және Тұрсынбай Құлахметов (75 келі) сынға түседі.