22-23 қаңтар күндері Астанадағы «Алау» мұз сарайында конькимен жүгіруден классикалық көпсайыс бойынша Қазақстан біріншілігі өтті.

Ерлер арасында астаналық Дмитрий Морозов жеңімпаз атанды. Екінші орында Виталий Щиголев (Павлодар), үшінші сатыда Максим Баклажкин (Алматы).

Әйелдер арасында Валерия Чадоваға (Алматы) тең келер ешкім болмады. Петропавлдық Елизавета Беркайм мен Мария Громова тиісінше екінші, үшінші орындарды иеленді.

Жаөспірім ерлер арасында Илья Рысев, қыздар арасында Алина Даурановалар топ жарды.

Еске сала кетейік, өткен аптада қысқа қашықтыққа жүгіруден ел чемпионаты мәресіне жеткен болатын.